{metadescription}
Алматы облысында жоғалған ер адамның көлігінің қаңқасы табылды
Алматы облысында жоғалған ер адамның көлігінің қаңқасы табылды

Алматы облысында жоғалған ер адамның көлігінің қаңқасы табылды

Алматы облысында іс-түссіз жоғалған жігіттің көлігі өртенген күйі табылды. Полицейлер бұл қаскөйлердің әрекеті екеніне сенімді. 34 жастағы Азат Теміртасов бір апта бұрын көлігімен көрші ауылға қарай шығып кеткен. Төрт баланың әкесінен содан бері хабар жоқ.

Жоғалған жігіттің көлігін тәртіп сақшылары Талдықорғаннан Алматыға қарай шығатын жол бойынан тапқан. Бірақ көліктің тек қаңқасы қалыпты. Тергеушілер көлік «қасақана өртелген» деп отыр. Ал машинаның табылуы сол екен, «жоғалған адамды іздеу» бабы «кісі өлтіру» бабына өзгертілген. Мәліметтерге қарағанда Азат Теміртасов түнгі сағат 10 шамасында жеке шаруасымен Талдықорғаннан Қарабұлақ ауылына қарай шығып кеткен екен. Содан бері бүгін 7-ші күн, жігіттен еш хабар жоқ. Туыстарының айтуынша, үйінде ешқандай ұрыс-керіс болмаған. Тату-тәтті тұрып жатқан отбасы төрт  бала тәрбиелеп отыр. Ең кішісі небәрі 2 жаста. Ал өзі банкте белді қызметте істейді. Көлігі айдаладан табылған жігіттің  жақындары оның тірі екеніне сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.