{metadescription}
Жарылыста күйіп қалған екі әйелдің жағдайы ауыр – Жамбыл облысы
Жарылыста күйіп қалған екі әйелдің жағдайы ауыр – Жамбыл облысы

Жарылыста күйіп қалған екі әйелдің жағдайы ауыр – Жамбыл облысы

Жамбыл облысында жарылыстан зардап шеккен екі әйелдің жағдайы әлі ауыр. Екеуі де Байзақ аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір аса ауыр хәлдегі науқастарды қаладағы емдеу мекемесіне ауыстыру қарастырылып жатыр.   

Ерік Мұсабаев, Байзақ аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Санавияциямен шақырдық, ертең дәрігер қарап, қалаға жеткізуге шыдай ма, шыдамай ма, соны шешеді. Рұқсат берсе, біз тасымалдап береміз.

Оқыс жағдай сенбі күні болған. Байзақ ауданындағы құрама жем шығаратын зауыт жұмысшыларына ас әзірленетін нысанда газ баллоны жарылған. Тамақ дайындау кезінде болған жарылыстан ғимараттың қабырғалары қирап, 60 және 54 жастағы екі аспаз зардап шеккен. Олардың бірінің денесі 80, екіншісінікі 95 пайызға дейін күйіп қалған. Әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың тіл қатуға шамасы жоқ. Ал дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін жанталасуда.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде