{metadescription}
Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтармай отыр
Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтармай отыр

Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтармай отыр

Елді шулатқан «Бек Эйр» билет құнын қайтаруға да әлі құлықсыз. Жолаушылардың пайдасына шешілген сот шешімін әуе компаниясы пысқырмай отыр. Өйткені билет құнын кімнен дауларын білмей жүрген қарашаның саны азаятын емес.

Алтын Ілиясова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Маусым айында сот бізді жақтап билет құнын толық қайтару туралы шешім шығарды. Ал «Бек Эйр» «сіздерге қарыз емеспіз» деп басын ала қашты. Сот қағаздарының бәрі бір сот орындаушысында екен. Хабарласып анықтасақ, өздерінде тек 70-тен астам адамдікі бар екенін айтып, жұмыстарына 2 АЕК төлеу керек деп отыр. Осылайша сотта жеңсек те, әлі күнге дейін ақшамыз қолға тимеді. Бұл қалай сонда?

Басынан дау арылмаған «Бек Эйр» сот шешімі шықса да, жолаушылардың ақшасын қайтармай отыр. Ал алынған билеттердің жалпы сомасы 100 млн теңгеден асады. Әуе компаниясынан ақшасын қайтара алмай сенделгендер құжатын құшақтап еліміздің әр жерінде жүр. Бір жыл бұрын сатып алған билеттерінің түбіртегі әлі күнге дейін қолдарында. Қазір әр қалада әлеуметтік желілерден 100-ге жуық адамы бар чат ашып тастапты.

Былтыр желтоқсанда болған ұшақ апатынан кейін әуе компаниясының қызметі тоқтатылған. Ал билет сатып алып қойған адамдар әлі құнын қайтара алмай сергелдеңге түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде