{metadescription}
«Фоккер-100» апаты. Жер телімдеріне қатысты заңсыздықтар
«Фоккер-100» апаты. Жер телімдеріне қатысты заңсыздықтар

«Фоккер-100» апаты. Жер телімдеріне қатысты заңсыздықтар

Созбалаңға салынған сот. Алматы облысында әуежай маңындағы заңсыз сатылған жерлерге қатысты сот ісі түрлі себеппен әлі басталған жоқ. Бұл істе 7 адам күдікке ілінген. Оның алтауы Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінде түрлі лауазымды қызмет атқарған, ал біреуі соларға клиент тапқан риелтор. Дәл қазір түрмеде отырған да сол келіншек.

Жер саудасын қыздырғандардың әрекеті былтыр әуежай түбіне «Фоккер-100» ұшағы құлаған соң әшкереленген.

Бір жыл бұрын «Фоккер-100 ұшағы» апатқа ұшыраған соң Алматы әуежайының маңында заңсыз сатылған жерлерге қатысты тергеу басталып, қылмыстық іс көктемде сотқа жолданған. Сол уақыттан бері алғашқы тыңдалым түрлі себеппен шегеріліп келді. Бүгінгі сот басталмай жатып аяқталды. Өйткені күдіктілердің бірі Нұрайым Алданыш қылмыстық іспен толық танысып үлгермеген. 

- Іспен тағы таныстырмады. Істі маған көрсетуге қорқады. Менің шағымым бар.

Бұл атышуы істе 7 адамға «алаяқтық жасады», «қызметін асыра пайлаланды», «жер бөлу қаулысын заңсыз дайындады» және т.б айыптар тағылған. Алты күдікті 2013-2015 жылдары Талғар ауданындағы Жер қатынастары бөлімінде қызмет атқарған экс-шенеуніктер, біреуі риелтор. Бұрынғы мемқызметкерлер тағылған айыптарды мойындап, кейбірі үйқамаққа алынып, кейбірі қолхатпен бостандықта жүр. Ал риелтор келіншек бірден қамауға алынған. Бұл нағыз «айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылдының» кері дейді адвокаты.

Азамат Байкенов, Н. Алданыштың адвокаты:

- Менің қорғауымдағы адамнан басқасы неге бостандықта жүр? Барлығы күдікті. Нұрайым Алданыш кінәсін мойындаған жоқ. Сонда оған қысым көрсетіп, кінәсін мойындатқызу үшін қамауға алды ма? Түсініксіз. Себебі, өзіне тағылған айыптармен келіспеген күдіктіні тергеу абақтысына жауып тастау заңға мүлдем қайшы.

Нұрайым Алданышқа 23 томдық іспен толық танысуға прокурорлар мүмкіндік бермей отыр дейді адвокат.

«Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағы тура бір жыл бұрын Алматы іргесінде апатқа ұшырап 12 адам қаза тапқан. Қайғылы оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, әуежай маңындағы жер телімдеріне қатысты талай заңсыздықтардың беті ашылды. Сонымен ұшып-қону жолағынан төрт шақырым радиустағы жерлерді бөлшектеп сатуға кім рұқсат берді? Жерге қатысты астыртын айла-шарғының жай-жапсары алдағы уақытта сотта белгілі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде