Рекорд: 26 тонналық вагонды тістеп сүйреді
Тісімен рекорд жаңартты. Алматылық Александр Данчев 26 тонналық вагонды тістеп сүйреді. Осылайша ол Қазақстан рекордтар кітабына кірмек.
Автор: Салтанат Шырынхан
29.12.2020
Қақаған қыс мезгіліне қарамастан тісі мықты палуан ерекше көрініс ұйымдастырды. Ол санаулы секундта ішінде алып вагонды екі жарым метрге дейін тістеп жылжытты. Осы таңқаларлық істі жүзеге асыру үшін ұзақ дайындалыпты. Негізінен кәсіби спортпен шұғылданып көрмеген Александрға мұндай белесті бағындыруға әлеуметтік желідегі видеолар әсер етіпті. Енді талайды тамсандырған азамат келесі жылы тағы да рекордын жаңартпақ.
Александр Данчев:
- Бұл екінші рекордым. Қазір қыс болғандықтан, біршама қиындық туындады. Дегенмен сәтті орындап шықтым. Өйткені жаңа жылдың құрметіне арнаған соң кейінге қалдырғым келмеді. Бұған қоса көктемде басқа рекорд жанартуым керек. Дайындықсыз тәуекелге бармаған дұрыс екенін ескерткім келеді. Әйтпесе мойынға, тіске — бәріне ауыр салмақ түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!