{metadescription}
«Қайыршының миллиардер досы» – қоғам тамырын дөп басқан
«Қайыршының миллиардер досы» – қоғам тамырын дөп басқан

«Қайыршының миллиардер досы» – қоғам тамырын дөп басқан

Қоғамның тамырын дөп басқан туынды. Алматыда белгілі қаламгер Қанағат Әбілқайырдың «Қайыршының миллиардер досы» атты кітабының тұсауы кесілді.

Жамбыл атындағы жасөпірімдер кітапханасында өткен шараға жазушының қалам ұстаған тұстастары, аға буын өкілдері мен кітап сүйер қауым жиналды. Оқырманға кеңінен танымал қаламгер Қанағат Әбілқайырдың бұл төртінші кітабы. Әзірге жеке демеушіліктің арқасында мың данамен жарық көрген кітаптың  арқалаған жүгі ауыр. Түрлі жанр тоғысқан туындыны парақтай отырып бүгінгі күннің келбетін көре аласыз.  «Қайыршының миллиардер досы» хикаятында қағанағы қарқ қалталы байлардың, әсіре астамшылығы мен қарапайым халықтың дәрменсіздігі сөз болады. Әлеуметтік мәселені көтере отырып, қоғамның ащы шындығын көрсеткен кітап оқырман ойын жан-жаққа жетелейді.  

Қанағат Әбілқайыр, жазушы:

- Кез келген қоғамда қиындық пен қуаныш, жақсылық пен жамандық алмасып жүреді. Тәуелсіздік алған жылдан бері 30 жылда талай қиындық, талай келеңсіздік, талай ақылға сыймайтын оқиғалар болды. Соны осы кітаптың негізгі өзегі етіп алып, қайыршы арқылы, қайыршының миллиардер досы арқылы біздің қоғамның арасы алшақтап кеткенін осы кітап арқылы көрсетуге тырыстым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде