{metadescription}
«Ақ жол»: Қай саланы алсақ та, жемқорлық кеңінен жайлаған
«Ақ жол»: Қай саланы алсақ та, жемқорлық кеңінен жайлаған

«Ақ жол»: Қай саланы алсақ та, жемқорлық кеңінен жайлаған

Қазынаның қақпағы халықтың қолында болу керек. Маңғыстау облысында еңбек ұжымдарымен кездескен «Ақ жол» партиясының өкілдері осындай ұстанымын жеткізді. 

Ақжолдықтардың айтуынша, қай саланы алсақ та, жемқорлық кеңінен жайлаған. Оның тамырына балта шауып, түбірімен құрту үшін мемлекет қаржысы парламенттің бақылауына өтуі тиіс. 

«Карантин халықты қажытып, кедейлікті арттырып жіберді» - деген партия өкілдері бұқараның сеніміне селкеу түскенін айтады. Сол себепті түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгеріс қажет.

Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаты:

- Қазақтың сөзі бар: «қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді». Мына қазанның да, қазынаның да қақпағы халықтың қолында болу керек. Біздің бағдарламада үлкен экономикалық блок бар. Онсыз да біздің жаңа көктеп келе жатқан кәсіпкерлерді құртып кеткен пандемия кезінде біз үлкен нақты шаралар жасауымыз қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.