{metadescription}
Nur Otan Алматы облысында 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашады
Nur Otan Алматы облысында 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашады

Nur Otan Алматы облысында 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашады

Nur Otan-дықтар үгіт-насихатпен Алматы облысына табан тіреді. Партия мүшелері мұнда электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорын ұжымымен, жастармен және тілшілермен кездесті. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек азаматтарды жеке-жеке қабылдады.

Nur Otan алдағы  бес жылда осы өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Алматы облысындағы үш ауысымды мектеп мәселесін шешеді. Бұл үшін 80 жаңа білім ордасын тұрғызуды қолға аламыз дейді. 120 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Өңірдегі тұрғындар жарық мәселесін де шешіп беруді өтінді. Ал Бауыржан Байбек мұның бәрі партияның бағдарламасында қамтылған деді.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Екі жыл бұрын елбасы «Ауыл ел бесігі» деген бағдарламаны ұсынды. Сол бағдарлама арқылы шын мәнінде ауылдық жерлерде инвестиция құйып, инфрақұрылым мәселесі шешіліп жатыр. Ол біздің сайлауалды бағдарламаға енгізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.