ҚХП: Экономикалық пайдасы жоқ субъектілерді жою керек
Қазақстан халық партиясының өкілдері үгіт-насихатын жалғастырып жатыр. Олар бүгін Көкшетаудағы «Новопэк» кәсіпорнын аралады.
Автор: Салтанат Шырынхан
29.12.2020
Сайлауалды бағдарламасын таныстырған партия мүшелеріне өндірістік үрдіс көрсетілді. Осы орайда өнім сапасын жақсарту, сұранысын арттыру мәселелері де талқыланды. Партия өкілдері квазимемлекеттік сектор нысандарына ревизия жүргізіп, қаржылық көрсеткіштері төмен және экономикалық пайдасы жоқ субъектілерді жою керектігін айтты. Жан-жақты бағалау негізінде тиімсіз мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қысқартуды ұсынды.
Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан халық партиясының мүшесі:
- Цехтар толық жұмыс істеп тұр. Қазақстанның экономикаға қосып отқан үлесі шамалы жақсы екенін айтуға болады. Жұмыскерлердің қазір білім және медицина саласындағы жүргізіліп жатқан реформаға көңіл көншімейді. Олар балаларының, жанұясының болашағына аландайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!