{metadescription}
ОСК: Сырқат, өзін нашар сезінген сайлаушылар үйден дауыс береді
ОСК: Сырқат, өзін нашар сезінген сайлаушылар үйден дауыс береді

ОСК: Сырқат, өзін нашар сезінген сайлаушылар үйден дауыс береді

Сырқаттанып қалған немесе өзін жайсыз сезінген сайлаушылар үйден дауыс бере алады. Тек қаңтардың 10-ы күні сағат күндізгі 12-ге дейін өтініш білдіруі тиіс. Сол жағдайда ғана науқастың үйіне жылжымалы дауыс беру жәшігі әкелініп, өз таңдауын жасауға мүмкіндік беріледі.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлауалды дайындық пысықталды. Қаңтардың 10-ы күні учаскелердің барлығында санитарлық талап қатаң сақталуы тиіс. Бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықтың сақталуы, сайлаушылардың балаларын ертіп әкелмеуі және дауыс берушілердің жеке қаламсабының болуы негізгі талаптардың бірі. Мұның барлығын сайлау учаскесіне жауапты адам қадағалайтын болады. Ал эпидемиологиялық жағдайға байланысты «сары» немесе «қызыл аймақтағы» өңірлердегі бақылаушылар мен сайлау комиссиясының мүшелері міндетті түрде ПТР-тест тапсыруы керек.

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:

- ПТР-сынаманы сайлауға дейін бес күн бұрын тапсыру керек, яғни қаңтардың 5-9 аралығында. Ал Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен тегін сынама тапсырғысы келгендер қаңтардың 3-не дейін жергілікті денсаулық сақтау басқармасына өтінім беруі тиіс. Осы арқылы зертхана таңдалады, әрі сынама тапсыратындардың бір жерде топтануын болдырмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде