{metadescription}
Коронавирустың жаңа түрі жаһанға жылдам таралып барады
Коронавирустың жаңа түрі жаһанға жылдам таралып барады

Коронавирустың жаңа түрі жаһанға жылдам таралып барады

Коронавирустың жаңа түрі жер жаһанға жылдам таралып барады. Ұлыбританиядан басталған Ковид-19-дың жаңа штаммы Еуропаның бірнеше елінен соң Канада, Финляндия мен Үндістаннан да табылған. Ауру одан әрі асқынбас үшін әлем елдері жаңа жыл қарсаңында шектеу шараларын тағы қатаңдатып, вакцинация жұмысына қызу кіріскен.

Ұлыбританиядан басталған Ковид-19-дың жаңа штаммы Үндістанға да жетті. Аталған елдің алты азаматының қанынан осы вирус табылыпты. Алғашқы індетпен арпалысып жатқан дәрігерлер енді жаңасымен де күресіп әлек. Енді бұл мемлекеттерде шектеу шаралары да қайта күшейтіледі.

Індет ошағына айналған Ұлыбританияда қазір жаппай вакцинация жүріп жатыр. Ал екпе салдырмаған азаматтарға шара қолданылады. Англиядағы ауруханалар науқастарға толды. Дәрігерлердің айтуынша, 20 мың азамат жаңа жылды медицина мекемесінде өткізеді. Жұқпалы дерттің жаңа түрін зерттеумен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да бас қатырып жатыр.

Тедрос Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:

- Сын сағатында әлем ғалымдарЫ ОЙЫН Ортаға салып, бірігуі қажет. Себебі, келесі жылға жоспарланған жұмыс өте көп. Ең басты міндет – коронавирустың жаңа түрін зерттеп, емделу жолдарын іздестіру.  

Коронавирустың жаңа түрі Финляндия мен Канадада да таралып үлгерді. Екі елде қазір жаңа жыл мерекесі қарсаңында қарбалас басталған. Сондықтан билік өкілдері карантин тәртібін тағы күшейтіп жатыр. Жұқпалы індеттің өзі де күннен-күнге кеулеп барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде 80 миллион адам ауру жұқтырған. Ажал құшқандар саны бір жарым миллионнан асқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде