{metadescription}
Көкшетаулық ветеринарлар бала-шағаның көзінше иттерді қырып жүр
Көкшетаулық ветеринарлар бала-шағаның көзінше иттерді қырып жүр

Көкшетаулық ветеринарлар бала-шағаның көзінше иттерді қырып жүр

Тал түсте гүрс еткен мылтық дауысы мен қыңсылаған иттердің дауысы  көкшетаулықтардың зәресін ұшырды. Дәл осындай жағдай Тараз қаласында да болған. Сөйтсе жан-жануарды емдеп өмірін сақтап қалуға тиіс ветеринарлар ит пен мысықты шетінен қырып жүр екен. 

Көкшетаулық ветеринарлар  бала-шағаның көзінше талай итті қырған. Бүтін бір ықшамауданның тұрғындары мақұлықтарын аман алып қалу үшін айнала жүгіріпті. Бірақ қару кезенгендерге кезіккен иттің аман қалғаны жоқ. Биыл қаладағы қаңғыбас ит-мысықтың көзін жоюға қазынадан 54 миллион теңге бөлінген. Бұл айғай-шу жыл соңында қалған қаражатты игерудің қамы  сияқты. Бірақ ветеринар дәрігерлер жылына екі үш рет күшіктеп тез көбейетін ит пен мысықты азайтудың амалы дейді. Себебі, биыл иттің адамға шабуына қатысты 1467 дерек тіркелген.

Дәл осындай жағдай Таразда да болды. Қару асынған бір топ адам көше аралап жүріп үй жануарларын атып тастаған. Енді бұл іспен полиция айналысып жатыр. Ал ветеринарлар «қаңғыбас иттерді атуға рұқсат бар» дейді.

Талғат Жүнісов, Ақмола облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Заңда атуға рұқсат бар. Ұстап алып, көзін құрту деген. Біз оны найза дейміз. Соның ұшына у жағамыз да, қанын шығармайтын әдіспен атамыз. Оларды солай жансыздандырып, сосын барып техникаға салып алып кетіп көзін жоямыз. Комиссиямен жүріп істелетін жұмыс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.