Шымкентте пиротехниканы заңсыз саудалағандар жазаланып жатыр
Шымкентте жаңажылдық отшашуды заңсыз саудалағандар жаппай жазаланып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметкерлері базарлар мен дүкендерді аралап, пиротехника сатушыларға айыппұл салуда.
Автор: Бек Әбиев
29.12.2020
Жыл сайын ескертілсе де, саудагерлер жаңа жыл қарсаңында тарсылдақтарды сатуды доғармайтыны белгілі. Биыл да заңсыз сатылымнан 128 отшашу тәркіленді. 15 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 55 мың мен 69 мың аралығында айыппұл салынған. Құзырлы орындар мұндай арнайы рейд күн сайын жүргізілетінін айтады. Өйткені сертификаты жоқ сапасыз өнімді сатып алудың соңы қайғылы аяқталуы әбден мүмкін.
Мадияр Жақсыбаев, Шымкент қалалық ТЖД бастығы:
- Бізде қала аумағында сатып жатқан пиротехника базарда – заңсыз. Әр азамат базарда пиротехника сатып аларда міндетті түрде лицензиясын, құжатын сұрау керек. Қалада құазіргі нақты ақпарат бойынша арнайы бір сататын дүкен лицензиясы бар деген ақпарат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!