{metadescription}
Студенттердің өндірістік және кәсіптік тәжірибесі – еңбек өтілі
Студенттердің өндірістік және кәсіптік тәжірибесі – еңбек өтілі

Студенттердің өндірістік және кәсіптік тәжірибесі – еңбек өтілі

Студенттердің өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өтуі енді еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Ал қашықтан оқыту түсінігі заңнамалық тұрғыда бекітіліп, оны өткізу тәртібі бекітілмек. Осындай өзгеріс енген заңды бүгін сенаторлар қабылдады.

Жоғарғы палата депутаттары әсіресе колледж түлектерінің жұмысқа кірудегі басты қиындығы еңбек өтілі мәселесін біржола шешетініне сенімді. Осы заңға сәйкес, енді өндірістік тәжірибе уақыты еңбек өтілі ретінде есептелуі керек. Пандемияға дейін беймәлім дүние болып келген қашықтан оқыту үлгісі де заң жүзінде бекітіліп, оны ұйымдастырудың реті де бекітілді. Бұл арқылы сенаторлар онлайн оқытудың сапасын арттыруды көздеп отыр. Қабылданған заң жобасында оқушылардың білім жетістіктерін айқындау үшін мониторинг өткізу деген норма да енгізілді. Аталған норма оқушылардың базалық білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді екен. Оның үстіне барлық мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептерді, колледждерді, бес жылда бір рет мемлекеттік аттестациядан өткізудің заңнамалық механизмі жасалды. Осы заң арқылы айтыла-айтыла жауыр болған оқулық мәселесін де депутаттар реттейміз деген сенімде.

Бақытжан Жұмағұлов, Сенат депутаты:

- Ол үшін білім саласындағы уәкілетті органға үлгілік оқу жоспар, бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау мен сынақтан өткізу, мониторинг жүргізудің арнайы қағидасын әзірлеп бекіту тапсырылып отыр. Бұл оқулықтардың сапалы дайындалуына, авторлардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде