{metadescription}
Сенат: Білім және ғылым министрлігін екі  ведомствоға бөлген жөн
Сенат: Білім және ғылым министрлігін екі  ведомствоға бөлген жөн

Сенат: Білім және ғылым министрлігін екі  ведомствоға бөлген жөн

Білім және ғылым министрлігін екі түрлі ведомствоға бөлген жөн. Бүгін Сенатта осындай өсыныс айтылды. Депутаттар бұл салалық органда жұмыс істейтіндер арқасына ауыр жүк артып жүр деген пікірде. Балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының мәселелерін шешу сияқты жүктеме тек білім министрлігінде бар екен.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

- Білім және ғылым министрлігі ел халқының жартысын қамтиды. Мұндай жүктеме басқа бірде-бір министрлікте жоқ. Сондықтан да мектепте білім беру жүйесін оңтайлы басқару тиімділігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігі базасында штат санын көбейтпей, екі министрлік  – Білім министрлігі мен жоғары білім және Ғылым министрлігін құру пісіп, жетілді деп ойлаймын.

Үкіметте қазір 18 министрлік бар. Егер білім министрлігі бөлінетін болса, сәйкесінше, министрлер саны тағы көбейеді. Алайда бұл мәселе әзірге нақты шешілмеген, президент тоқетерін айтуы керек. Мемлекеттік мекемені қайта құрудан бөлек, сенаторлар университет, академияларда жылы орнын суытқысы келмейтін ректорларды сынға алды. Өздерінің бірнеше жыл қатарынан депутат болғанына бас қатырмайтын сенаторлар жоғары оқу орны басшылары үшін нақты өкілеттік мерзімін де атап берді.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

- Елімізде ондаған жыл бойы тапжылмай ректорлық қызмет атқарып келе жатқандар бар. Нарық заманында бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Ректорларды ЖОО-на кемінде төрт жылға тағайындап және ол екі мерзімнен артық ректор лауазымында қызмет атқара алмайтындай қағидат енгізуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.