{metadescription}
Бердібек Сапарбаев екпе салдырды ма, жоқ па?
Бердібек Сапарбаев екпе салдырды ма, жоқ па?

Бердібек Сапарбаев екпе салдырды ма, жоқ па?

Әкім үшін медбикенің ақталуына тура келді. «Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы екпе салдырды ма, жоқ па?» деген пікірталас әлі басылатын емес. Әлеуметтік желі белсенділері шенеунік көзбояушылық жасады деп айыптаса, бүгін оған вакцина салған медбике өз уәжін айтты.  

Динара Қасымбекова, медбике:

- Салған – мен. Өзім алып, қасымда адамдар болды. Расымен егілді. Осы екі грамдық шприц қолдандық. Сіздерге ашып көрсетейін. Екі грамдық, басы қара, иненің басы көк. Қақпағы ақ, егілген кезде мына екеуі көрінеді. 

Осылайша Динара Қасымбекова «әкім де, мен де ешкімді алдамадық» деп ант-су ішті. Әрі өзі Бердібек Сапарбаевқа екпе жасайтынымды «алдын ала білмедім» дейді.

Өңірде QazCovid-in вакцинасының коронавирусқа қарсы үшінші клиникалық сынағы басталған еді. Отандық препаратты әзірге еріктілер қабылдап жатыр. Екпені аймақ басшысы да салғызып, оның суреті әлеуметтік желіге тараған болатын. Оның соңы шуға ұласты. Фотодан белсенділер иненің қақпағы ашылмағанын аңғарыпты. Тіпті шприцте вакцина бар екеніне күдік келтірген. Сөйтіп шенеуніктің бұл әрекетін көзбояушылық деп атаған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде