{metadescription}
Соңғы тәулікте  8 отандасымыз коронавирустан көз жұмды
Соңғы тәулікте  8 отандасымыз коронавирустан көз жұмды

Соңғы тәулікте  8 отандасымыз коронавирустан көз жұмды

Соңғы тәулікте тағы 8 отандасымыз коронавирустан көз жұмды. 700-ден аса адам аталмыш індетті жұқтырған. Мәліметтерге қарағанда, ең көп жұқтырғандар Атырау облысында.

Ал пневмониядан соңғы тәулікте 3 адам қайтыс болды. Дәрігерлерді осы ауру мен коронавирустың қатар келген жайты алаңдатып отыр. Себебі, бұл жағдайда науқастың өміріне деген қауіп екі еселенеді. Оған қоса коронавирус инфекциясы қайтадан белсенді бола бастаған. Әсіресе Атырау облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында дерт дендеп тұр. Дегенмен жақсы жаңалық та жоқ емес. Дәрігерлер соңғы бір тәулікте 841 адамды емдеп шығарды. Осылайша дәл қазір 22 мың адам ауруханада жатыр. Оның 10 мыңы коронавирустан, 12 мыңы пневмониядан емделуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде