{metadescription}
Құлсарыда 29 адам сушидан уланған – Атырау облысы
Құлсарыда 29 адам сушидан уланған – Атырау облысы

Құлсарыда 29 адам сушидан уланған – Атырау облысы

Атырау облысында 29 адам астан уланды. Олардың барлығы Құлсары қаласындағы бір мейрамханадан суши алдырып жеген екен.

Астан уланғандардың 8-і дәрігер қарауынан кейін үйіне жіберілсе, 21 науқас жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, оларда іш өту, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік белгілері бар. Тағамдық токсикологиялық инфекциясы диагнозымен ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы қазір орташа ауыр. Құқық қорғау органдары мен санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары адам уланған кафені тексеріп жатыр.

Нұргүл Ысмағұлова Атырау облысы ДСБ баспасөз қызметінің өкілі: 

- Тұрғындардың айтуынша, барлығы 24 желтоқсанда Құлсары қаласындағы «Три самурая» кафесінен сушиға тапсырыс беріп тамақтанған. Қазір науқастарды емдеп жатыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде