{metadescription}
ДСМ-нің тағы екі лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
ДСМ-нің тағы екі лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ДСМ-нің тағы екі лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Денсаулық сақтау министрлігінің тағы екі лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға министрліктің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеу барысына кедергі келтірді деген айып тағылып отыр.

Ол қызметкерлердің кім екені айтылмайды. Белгілісі, екеуі де лауазымды тұлға. Әйтсе де тағылып отырған айыбы қызық. Қаржы министрлігіне қарасты Қаржы мониторингі комитеті таратқан ақпарат бойынша, әлгі екеу қылмыстық іске қатысы болмаса да, өздері араласқан. Яғни тергеу барысы мен оның нәтижелері туралы негізсіз ақпарат жинап, оны таратқан.

Айта кетейік, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қарашаның басында үйқамаққа алынған. Оның алдында вице-министр Олжас Әбішев те тергеуге алынған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде