Adal партиясы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайды
Саяси науқаннан шет қалуға болмайды. Алматыда базар мен сауда орындарындағы тұрғындармен кездескен Adal партиясының өкілдері саяси доданың маңыздылығын түсіндірді.
Автор: Мақсат Мәлік
30.12.2020
Adal партиясының атынан депутаттыққа үміткер Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев пен Ләззат Шыңғысбаева мегаполистегі ірі базарлар мен түрлі сауда нүктелерін аралап халықтың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Сондай-ақ кездесуде жұмыспен қамту және медициналық сақтандыру мәселелесіне қатысты қызу пікірталас туды. Ал шағын бизнес өкілдері күнделікті тіршілікте жұмыс орнын тастап кете алмайтынын ескерген партия өкілдері саяси науқанда жұртты белсенді болуға шақырды. Емен-жарқын жүздесуде тұрғындар партияның елдегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстарын қолдайтынын жеткізді.
Дәулет Мұқаев, Adal партиясының мүшесі:
- Пандемияға байланысты көп кәсіп тұралап қалды. Одан кейін сауда орындары тоқтап қалды. Кәсіпкерлерді негізгі қинағаны сол. Енді халықтың шағымын тыңдасақ, дала суық, ішке кірейік десек, сауда жүрмей қалады деді. Менің айтатыным, базарға сауда жасауға келген адам ішке қарай ұмтылу керек. Оның бәрі сұранысқа байланысты ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!