{metadescription}
Йемен астанасындағы әуежайда бірнеше жарылыс болды
Йемен астанасындағы әуежайда бірнеше жарылыс болды

Йемен астанасындағы әуежайда бірнеше жарылыс болды

Йемен астанасындағы әуежайда бірнеше жарылыс болды. Лаңкестік шабуыл Аден әуежайына жаңа Үкімет мүшелері ұшып келген кезде орын алған. 10 адамның қаза тапқаны айтылды. Тағы 20 адам жарақат алыпты.

Қайғылы жағдайға хуситтердің жерден зымыранмен атқылауы себеп болған деген ақпарат бар. Үкімет мүшелері сол сәтте ұшақтан түсіп үлгермеген екен. Сондықтан олар зардап шеккен жоқ. Барлық министр Адендегі Үкімет сарайына жеткізілген.

Осы айда Йемен президенті 24 министрден тұратын жаңа Үкімет жасақтаған. Ал жарылыс болған қала қазір елдің уақытша астанасы болып саналады. Йемендегі көтерілісші хуситтер мен Сауд Арабиясына арқа сүйейтін билік арасындағы қақтығыс 6 жылдан бері толастар емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде