{metadescription}
Алматыда түнде ер адамды жабылып сабағандар ұсталды
Алматыда түнде ер адамды жабылып сабағандар ұсталды

Алматыда түнде ер адамды жабылып сабағандар ұсталды

Алматыда түнгі тыныштықты бұзып төбелес шығарғандар ұсталды. Бұзақылар Ақсай-1 ауданында 34 жастағы ер адамды оңдырмай сабаған. Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде таралған.

Түн ортасында басталған текетірес маңайдағы тұрғындардың зәре-құтын қашырды. Соқталдай үш жігіт бір адамды тепкінің астына алған.

Видеоны сол у-шудан оянған куәгерлер түсіріпті. Соның арқасында полицейлер қаскөйлерді тез тауып алды. Ұсталғандардың үлкені 33-тегі азамат, қалғаны 20-24 жастағы жігіттер. Қазір олар тергеушілерге жауап беріп жатыр. Ал таяқ жеген ер адам ауруханаға жеткізілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде