«Бақытты отбасы», «Шаңырақтың» шарттары өзгерді
«Бақытты отбасы», «Шаңырақ» тұрғын үймен қамту бағдарламаларының шарттары өзгерді. Екеуі бойынша да үй алуға ниетті салымшылардың табыс шегі ұлғайтылды. Мұның барлығы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
30.12.2020
Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша әр отбасы мүшесіне шаққандағы айлық табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы шарт немесе 106 336 теңгеден аспауы тиіс. Бұл меже бұған дейін екі күнкөріс минимумын құрайтын.
«Шаңырақ» бағдарламасымен үйлі боламын дегендердің күнкөріс минимумы отбасы мүшелеріне шаққанда 126 917 теңге болуы керек. Мысалы, отбасында төрт адам болса, «Шаңырақ» бағдарламасымен пәтер алуға ортақ айлық кіріс шамамен 507 мың теңгеден кем болмауы қажет. Оның үстіне салымшыларға тағы бір мәселенің түйіні шешілді.
Жансұлтан Матаев, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры:
- Біреу 5-6 жыл жинайды, сегіз жылға дейін жинаған азаматтар бар. Оның жинақтаған сомасы кейбір кезде сол сатып алатын құнына тең боп қалады. Несие алудың қажеттілігі жоқ болады. Бірақ бағдарламаның шартына сәйкес, сондай ақшаны жинап тұрса да, бұрын ол өзінің төлем қабілеттілігін растау керек еді, яғни оның қаражаты жеткілікті, ресми жұмысы бар. Бүгінде ол шектеу алынып тасталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!