Коронавирус тағы 12 адамның өмірін жалмады
Коронавирус тағы 12 адамның өмірін жалмады. Оның бесеуі пневмониядан көз жұмған. Бұл тек соңғы бір тәуліктегі статистика. Дерттен ажал құшқандардың саны 2 жарым мыңнан асты.
Автор: Салтанат Шырынхан
30.12.2020
Ауру жұқтырғандар бойынша күн сайынғы көрсеткіш сол қалпында. Бір тәулікте COVID-19 диагнозымен тағы 726 адам тіркеліп, 170 науқастың қос өкпесі қабынған.
Аймақтағы статистиканың көш басында – Нұр-Сұлтан қаласы. Мұнда бір күнде 107 адамнан ауру анықталған. Алматы қаласында 81 тұрғынның сынамасы оң нәтиже көрсетіпті.
Осылайша елімізде бүгінге дейін 154 мыңға жуық отандасымыз дерт жұқтырса, оның 141 мыңнан астамы кеселден жазылып шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!