Су басқан ауруханада ковидтен емделіп жатқан балалар бүрсеңдеп жүр – Ақтау
Ақтауда екі ай бұрын ғана пайдалануға берілген жаңа аурухананы кәріз суы басып, қабырғалары қақырай бастады. Ауруханадағы короновирустан емделіп жатқан балалар сасық иіске тұншығып, жылусыз ғимаратта бүрсеңдеп жүр. Осы жағдайға наразы жұрттың ауруханада түсірген бейнежазбасы желіге тарап жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
05.01.2021
- Мынау кәрізден аққан су. Бізге суды қоспаңдар, қол жумаңдар, дәретханаға бармаңдар деді. Шыдаймыз енді...
Ауруханадағы кәріз жүйесі жамап жасқалғанымен, қайта-қайта істен шығады. «Жыл басталғалы жылу да мардымсыз», - дейді емделушілер. Сондықтан палатадағы кондиционерді қосуға мәжбүр. Олар бөлмелердің қабырғасы мен төдегі жарықшақты таспаға түсірген.
Ковидтен емдейтін жұқпалы аурулар стационары өткен жылдың қазан айында салынып біткен. Құрылысына мұнай компаниясы 7 миллиард теңге жұмсапты. Ал өңірдің денсаулық сақтау басқармасы жұрттың «жылу жоқ дегені – жалған сөз» дейді. Қақыраған төбе мен қабырғаны мердігер қайта жамайды екен. Ал кәріз жүйесін ластап жатқан ауруханадағылардың өзі көрінеді.
Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Бұл жерде адами фактор. Яғни шүберек, туалет қағазы, памперсті тастаған. Жауапсыздықтан бітеліп қалады. Су ары қарай өтпей, сыртқа шығып кетеді. Бұл ретте тек науқастар, кішкентай балалардың анасы кінәлі немесе медициналық қызметкерлер кінәлі деп айта алмамыз. Екі жақпен де түсіндіру жүргізген болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!