Қазақстан індет жұқтыру қаупі төмен елдердің қатарына кіре ме?
Қауіптің ең жоғары деңгейінде бірде-бір өңір қалған жоқ. Облыстардың бәрі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақтан» шыққан.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
05.01.2021
Десе де «сары» деңгейге кіретін өңірлер бар: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл аймақта».
Жалпы әлем бойынша Қазақстан індет жұқтыру қаупі төмен елдердің қатарына кіреді. Қауіптің «сары» деңгейінен «жасылға» қайта оралған. Бірақ бұл елімізде коронавирус қаупі сейілді деген сөз емес. Себебі, соңғы тәулікте 723 отандасымыз вирус жұқтырған. Әсіресе Теңіз кенішіндегі ахуал қайта ушыққан. Бір күнде мұнда 144 жұмысшыдан Covid-19 анықталды.
Коронавирус пневмониясымен соңғы күндері 7 адам тіркелді. Аталмыш дерттен 4 адам өлді. Жалпы пандемия басталғалы коронавирусқа шалдыққан отандастарымыздың саны 158 мыңнан асып отыр. Ал өкпе қабынуын 46 мыңға жуық адам жұқтырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!