Adal: Ауылдан үдере көшуді тоқтату керек
Adal партиясы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруді көздейді. Сол үшін елдімекендерді дамытудың жаңа платформасын ұсынып отыр. Онда ең алдымен ауылдан үдере көшуді тоқтату керектігі айтылған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
06.01.2021
Алмасбек Садырбаев, Adal партиясының мүшесі:
- Басты мақсат – урбанизация процесін тоқтату, Реурбанизация жүргізу. Қазақты ауылда алып қалу. Оны қалай алып қаламыз? Күшпен, зорлықпен ешкім алып қала алмайды. Осы ауылға тиімді жағдай жасау керек. Қазақтың қорасына малын қойып беріңіз.
Семейліктермен кездескен партия өкілдері Алаш арысы Әлихан Бөкейханың ескерткішіне гүл шоғын қойды. Одан кейін бірнеше кәсіпорын жұмысшыларымен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды. Ал жұртты партияның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты ұсыныстары қызықтырды. Онда салықты арттыруға бірнеше жылдық мараторий енгізу, ауыл шаруашылығы техникаларын 6 пайызбен және микрониесиені 2 пайызбен беру айтылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!