Aq jol: Өндіріс байлығы тек инвесторға емес, халыққа да пайдалы болсын
Aq jol партиясының мүшелері үгіт-насихатпен Шығыс Қазақстан облысына барды. Саяси ұйым өкілдері уран, тантал және ниобий өндіретін Үлбі металлургия зауытының жұмысшыларымен кездесті.
Автор: Салтанат Шырынхан
06.01.2021
Ақжолдықтар металлургтерге партияның «Түбегейлі өзгерістер қажет» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жоспарларын бөлісті. Сондай-ақ атом өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін жүргізілуі керек жұмыстарды атап өтті. Ол үшін ең алдымен өндіріс саласында қызмет ететін жастардың білім деңгейін көтеру керек дейді. Яғни еліміздің университеттерінде бәсекеге қабілетті инженерлік білім алу мүмкіндігін қарастыруды қолға алатындарына уәде етті.
Азат Перуашев, Aq jol партиясының төрағасы:
- Шығыстың орны бөлек елімізде. Өндіріс жағынан дамыған өңірлердің бірі. Ол металлургияға байланысты, энергетикаға байланысты. Жеке туризмге байланысты негізгі сондай мүмкіндігі бар. Бірақ сол байлықтың пайдалануы тек инвесторға емес, халыққа да пайдалы болсын деп тілегімізді, шартымызды қоюымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!