ҚХП: Мембағдарламалар дұрыс жұмыс істемейді
Қарағанды маңындағы елдімекендерге интернет әлі жетпеген. Осы өңірге барған Қазақстан халық партиясының мүшелері ауыл тұрғындарының шағымын тыңдады. Жұрт ауыз судан да таршылық көріп отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.01.2021
Мәселен, Сарытөбе ауылының тұрғындары ұңғымадан су алу үшін күніне 11 шақырым жерді жаяу жүруге мәжбүр. Жұрт, әсіресе, қыста боран мен аяз күшейген күндері қатты қиналады. Тұрғындардың мұңын тыңдаған депутаттыққа үміткерлер бұл мәселелерді бақылауға алды. Саяси ұйым мүшелері елімізде мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс жұмыс істемейтіндігін мәлімдеді. Сондықтан алдағы уақытта қоғамдық бақылау енгізуді жоспарлап отыр. Халық жергілікті биліктің жұмысын жіті қадағалайтын болады.
Эльмира Әуезова, Қазақстан Халық партиясының мүшесі:
- Халқымыз бар екенін, Қазақстан деген елімізде заң, құқық орын алатындығы және әр айтқан азаматтың құқығы бар екендігін көрсету үшін біздің Халық партиясы жұмыс істейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!