Nur Otan: Ішкі миграцияға бар жағдай жасалуы керек
Ішкі миграцияға бар жағдай жасалуы керек. Солтүстік Қазақстан облысына барған нұротандықтар «Еңбек» бағдарламасы аясында қоныс аударған отбасылармен кездесіп, аймақтың даму жоспарын талқылады.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.01.2021
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Осы солтүстік өңірлерде әлеует өте зор. Ауыл шаруашылығы дамиды. Мына жерде халықтың табысы өседі. Жағдай жасалынады.
Партия мүшелері еңбек күші тапшы өңірлерге көшкендерге қолдау көрсетуге уәде берді. Мәселен, мұнда 654 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Әрі мұқтаж азаматтарға 2 жарым мың пәтер салдырмақ.
Ал «Қызылжар сүт» базасында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Nur Otan алдағы 5 жылда бұл салада жарты миллион адамды жұмыспен қамту міндетін қойып отыр. Осылайша 2025 жылға қарай жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 1,3 есеге, өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!