{metadescription}
Мұнай өндірісін ұлғайтқаннан не ұтамыз және оның бағаға әсері бола ма?    
Мұнай өндірісін ұлғайтқаннан не ұтамыз және оның бағаға әсері бола ма?    

Мұнай өндірісін ұлғайтқаннан не ұтамыз және оның бағаға әсері бола ма?    

ОПЕК+ Қазақстанның мұнай өндірісін тәулігіне 10 мың баррельге ұлғайту жөніндегі ұсынысымен келісті. Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымымен уағдаластық әзірге екі айға жасалған. Еліміздің Энергетика министрлігі бұл келісім мұнай саласына оң серпін береді деп отыр.

Дегенмен сарапшылардың көбі бұл уәжбен келіспейді. «ОПЕК-тің әрекетіне алданбау керек»- дейді олар. Сонымен мұнай өндірісін ұлғайтқаннан ұтарымыз не? Жалпы өндіріс көлемінің артуы бағаға қалай әсер етпек?

Былтыр мұнай бағасының құлдырауынан ОПЕК+ дәрменсіз күй кешіп, халықаралық сарапшылар ұйым тіпті ыдырап кетуі мүмкін деп болжаған. Бірақ ол теріс долбар екеніне барлығының көзі жетті. Ал ұйымның ұзаққа созылған осы жолғы келіссөзіне тараптар риза сияқты. Өйткені өндіріс көлемін ұлғайтқысы келгендерге рұқсат етілді. Керісінше қысқартуды немесе қазіргі мөлшерді қалдырғысы келетіндер өз ұстанымында қалды. Сонымен қара алтын өндірісін Қазақстан мен Ресей арттыратын болды.    

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Қазақстан мен Ресей елдері мұнай өндіру көлемін өсіруге шешім қабылданды. Қазақстанға тәулігіне 10 мың баррель, Ресей65 мың баррель. Мұнай өндіру көлемін салыстырғанда бұл қабылданған шешім сәйкес келеді деп қабылданды. Енді өте үлкен шешім қабылданды деп ойлаймын.

Рұқсат етілген аралықта Қазақстан  1 млн 427 мың  баррельден 1 млн 437 мың баррельге арттырады. Бірақ сарапшылардың айтуынша, ОПЕК+-тің мұндай шешімі балаға кәмпит ұстатқанмен тең. Себебі, былтыр Қазақстан жылдық 90 миллион тонна өндіру межесіне жете алмаған. Сондықтан өндіріс көлемін ұлғайтуға рұқсат етілген меже өткен жылдың есесін қайтару ғана.    

Меруерт Махмұтова, экономика сарапшысы:

Біз былтырғы болжаммен мұнайды толық өндірмедік. Сондықтан қазір бізге 10 мың баррель тәуліктік өндірісті ұлғайтуға рұқсат етіп жатыр. Қазақстанның мұнай өндірісі халықаралық нарыққа қатты әсер ете қоймайды. Біздің халықаралық деңгейде орнымыз 13-орын. 

Айтпақшы, көктемде ОПЕК+-тің тағы бір жиыны өтеді. Ал енді ол кездегі ұйғарым Қазақстан мұнай өндірушілерінің пайдасына шешілеріне күмән көп. 

Жалпы қазақстандық қара алтынның әлемдік экономикаға әсері шамалы. Ал өндірісті тәулігіне 10 мың баррельге арттыру пандемия соққысынан кейін оңалтады деуге сену қиын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.