{metadescription}
Ұшақ апаты: Сотта талай сорақылықтың беті ашылды
Ұшақ апаты: Сотта талай сорақылықтың беті ашылды

Ұшақ апаты: Сотта талай сорақылықтың беті ашылды

Алматы облысында әуежай жанындағы жер телімдерін заңсыз сатқандарға қатысты сот отырысы басталды. Алты айыпталушының арасынан жалғыз өзі қамауда отырған Нұрайым Алданыштың адвокаты судьяға наразылық танытса, абақтыдағы риелтор кінәсін мойындаған жоқ. Айып тағылған өзге 5 экс-шенеунік сот залына келгенімен, жүзін көрсетуге қарсы болды.  

Алайда прокурор айыптау актісін оқып біте сала, сот отырысы қайтадан кейінге шегерілді. Себебі, зардап шегуші тараптан, яғни әкімдік өкілі айтарға сөз таппай, еш дайындықсыз келіпті.

Прокуратура таныстыруды қамтамасыз етуге тиіс. Біз сұрау салдық және ...менің қатысуымсыз?

Бірнеше мәрте кейінге шегірілген сот отырысы басталған сәттен прокурор мен адвокаттың айқасына ұласты. Қорғаушы Азамат Байкенов прокуратура өкілдерінің тергеу изоляторына авдокатсыз кіруін заңға қайшы деп есептейді. Осылайша ол сотталуышының құқығы бұзылды десе, қамаудағы келіншек тағы да іспен таныс еместігін жеткізді. Бірақ мемлекеттік айыптаушы мұнымен келіспеді.

Жарқын Қаптағаев, мемлекеттік айыптаушы:

- Қазір Нұрайым Алданыш қылмыстық істі сотта объективті түрде қарауға кедергі келтіруде. Осымен үшінші рет айыптау актісімен «таныс емеспін» деп, процесті әдейі баяулатып отыр.

Әуежай маңындағы жер телімдерінің заңсыз сатылуына қатысты сот  ісінде 6 адамға айып тағылған. Олардың арасында қамауға алынған риелтор Нұрайым Алданыш тергеу абақтысынан бейне байланыс арқылы сот отырысына қатысты. Бұдан басқа үй қамаққа алынып қазір бостандықта жүрген 5 экс-шенеунік сот залынан табылды. Алайда 2013-2015 жылдары Талғар ауданындағы жер қатынастары бөлімінде қызмет атқарғандар жүзін көрсетуге қарсылық білдірді.  Ал Азамат Байкенов қамаудағы Нұрайым Алданышты үй қамаққа шығаруды немесе кепілмен босатуды сұрағанымен, шағымы кері қайтарылды. Ақырында түрлі құқық бұзушылықты алға тартқан адвокат судьяға наразылық танытты.

Азамат Байкенов, Н. Алданыштың адвокаты:

- Қылмыстық процессуалдық заңнамаға сәйкес, қарсылық танытқасын сот отырысы жалғаспауы керек. Бұл ауызша немесе жазбаша түрде берілсе де қабылдануы тиіс. Сондықтан осы сот отырысын тоқтатуымыз қажет.

Сәл үзілістен соң адвокаттың арызы тағы да қабылданбады. Ал 23 томға жүк болған қылмыстық істің айыптау актісін оқыған прокурор күдіктілердің бірнеше жылғы жымысқы әрекетін әшкерелеп, тайға таңба басқандай тізбелеп берді. 

- Бір топ адамның алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет ірі мөлшерде алаяқтық жасауы. Кедергілерді жою арқылы. Бұл ауыр зардаптарға әкеліп соқтырды, 10 миллиондай.

Айта кетейік, 6 адамға «алаяқтық жасады», «қызметін асыра пайдаланды», «жер бөлу қаулысын заңсыз дайындады» және т.б айыптар тағылған еді. Алайда бұған дейін артылған айыппен келіскен экс-шенеуніктер кейбір баптың өзгеруіне байланысты кінәсін мойындар-мойындамасын білмей күмілжіді. Тек қамаудағы келіншек қана өзіне шаң жуытпады.

Бір қызығы, созбаққа созылған сот отырысы басталмай жатып тағы кейінге шегерілді. Себебі, зардап шегуші тарап, яғни әкімдіктен келген өкілдің аузына сөз түспей, мардымды жауап қата алмай қиналды.

- Жәбірленуші, дайын емессіз бе? Сіз, онымен қоймай зардап шегушінің өкілісіз...

2019 жылы 12 адамның өмірін жалмаған «Фоккер-100»» ұшағы апатқа ұшырап, Алматы әуежайының маңында заңсыз сатылған жерлерге қатысты тергеу басталып, талай сорақылықтың беті ашылған. Бірақ былтыр сотқа жолданған істің ақыры немене тынатыны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы 18-қаңтарда өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде