{metadescription}
Өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды – Ақтөбе
Өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды – Ақтөбе

Өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды – Ақтөбе

Ақтөбеде өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды. Марқұм баспананы жалдап тұрған екен. Ал жапсарлас бөлмедегі екі көршісі ыс тиіп әрі күйік шалып ауруханаға түскен.

Айбат Жаңабергенов, Ақтөбе қалалық ТЖБ басшысы:

- Өкінішке қарай өрттің орнында ер адамның мәйіті табылды. Қазір ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен тергелуде. Өртте тағы екі адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Өрт болған үйдің қақпасын қожайындары құлыптап ешкімді кіргізбейді. Қазір аула ішінде тек техникалық тексеруге келген тек криминалистер жүр. Мұндағы қос қабатты үйдің барлық бөлмесі жалға беріледі екен. Дәл орталық базар қасында тұрған үйден адам қарасы үзілмейтін көрінеді. От тұтанған кезде іште 10 шақты адам болыпты. Барлығы сыртқа шығып үлгерген. Тек 49 жастағы әйел мен 62 жастағы ер адам түтінге тұншығып есінен танып қалған. Екеуі де дереу ауруханаға жеткізілген. Ал 36 жастағы тұрғынның денесі үйінді астынан табылды. Көршілер өрт ішімдік ішкендердің кесірінен  тұтануы мүмкін деп отыр. Өйткені пәтерді жалға алушылардың көбі арақ ішіп тойлатып отырғанды жақсы көреді екен.

Көбікті Байдулин, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Неден шығады? Арақтан шығады. Көп ішеді. Ал комендант қарамайды. Бәрібір оған, ақша төлесең болды. Бөлмесін алды, бітті. Сол кісі шықты неден. Қайтыс болды.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде