Қарағандыда тапа-тал түсте ер азаматты ұрып өлтірді
Қарағандыда тапа-тал түсте бір адам соққыға жығылып жан тапсырды. 35 жастағы ер адамның денесі орталық базардағы контейнердің ішінен табылған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
06.01.2021
Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні бірден қолға түсірген. Куәгерлердің айтуымен сол арадан 37 жастағы азамат ұсталыпты. Ол екеуара жанжалдасып, 35 жастағы еркекті соққыға жыққанын айтқан. Таяқ жеген адам ол жерде тіл тартпай кетіпті. Тәртіп сақшылары бұдан өзге ақпаратты әзірге жария етпеді. Адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
11 қаңтар
10 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары