КВИ-мен ауырғандардың денсаулығы әлсіз – ЖРВИ жұқтыруға бейім
Алматыда тұмау мен жедел респираторлы вирустық инфекция өршіп тұр. Осылай дабыл қаққан дәрігерлер, әсіресе, коронавируспен ауырып жазылғандарды аса сақ болуға шақырды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.01.2021
Тамара Ұтағанова, Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Коронавируспен ауырып жазылғандардың денсаулығы әлсіз болады.Сондықтан олар жедел респираторлы вирустық инфекцияны жұқтыруға бейім келеді. Covid-19-бен және пневмониямен ауырған науқастарға тұмау ауыр тиюі мүмкін. Сақтану керек.
Алматыда коронавирус індеті бойынша ахуал да мәз емес. Қазір қала аталмыш індеттің таралуы бойынша «сары деңгейде» тұр.
Атырау облысы қауіптің ең жоғары деңгейіне, яғни «қызыл аймаққа» қайта оралды. Өйткені өткен тәуліктің өзінде мұнда 101 адам індет жұқтырған.
«Сары аймақта» Алматымен қоса, Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары қалды. Қалған өңірлерде індет жұқтыру қаупі төмен.
Жалпы өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар статистикасы тағы 742 адамға көбейді. Ал пневмония 29 адамнан анықталған. Осылайша індетке шалдыққандардың жалпы саны 159 мыңнан асты. Өкпе қабынуы 46 мыңнан аса тұрғыннан табылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!