«Ауыл» партиясы егінге қажет техника мен жанармай мәселесін көтерді
«Ауыл» партиясының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысында бір топ еңбек ұжымымен жолықты. Түрлі түйткілді мәселелер талқыланған кездесу «Ауылдан ауылға» акциясы аясында өтті.
Автор: Мақсат Мәлік
07.01.2021
Мал шарушалығы және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын шаруашылықтың жұмысымен танысқан үгіт-насихат тобы көктемгі егіс, егін жинауға қажетті техниканы жаңарту және жанармайға қолжетімділікті арттыру жайын сөз етті. Ал шаруашылық өкілдері «Ауыл» партиясының азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңды қабылдау жөніндегі бастамасы уақытында көтерілген мәселе деп риза болды. Себебі азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңның қабылдануы аталған саланы мемлекеттік реттеу шараларын тұрақтандыруға мүмкіндік бермек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!