{metadescription}
Аdal партиясы проблемалық несиеге рақымшылық жасауды қарастырды
Аdal партиясы проблемалық несиеге рақымшылық жасауды қарастырды

Аdal партиясы проблемалық несиеге рақымшылық жасауды қарастырды

Аdal партиясы сайлау алды үгіт-насихатын Нұр-Сұлтан қаласында жалғастырды. Елордалық жастармен және кәсіпкерлермен кездескен топ бизнесті қолдаудың тиімді жақтарын бірге талқылады.

Жиында «адалдықтардан» көмек сұрағандар табылды. Өйткені карантиннен талай кәсіп тұралап қалды, бизнесті қолдаудың тиімді жағына көбірек көңіл бөлсе екен деді кездесуге келгендер. Партия өкілдері де бағдарламада проблемалық несиелерге рақымшылық жасау, жеңілдетілген несие беру және өзге де шара қарастырылғанын айтты. Себебі, біз қай уақытта да азаматтарды білім беру, денсаулық сақтау саласы мен бизнесте қолдау тетігін дамытуға ниеттіміз дейді партия өкілдері.

Алина Асқарова, Аdal партиясының мүшесі:

Бүгінде көп балалы аналарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Бірақ олар қалай нәпақа тауып, бала-шағасын қалай асырап жүр деген сұрақ туындайтыны рас. Бұл жерде көптеген саланы айтуға болады, яғни шағын бизнесті қолға алу, қоғамдық тамақтану орнын ашу деген сияқты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде