{metadescription}
Nur Otan Павлодар облысын жұмыспен, сумен, тұрғын үймен қамтиды
Nur Otan Павлодар облысын жұмыспен, сумен, тұрғын үймен қамтиды

Nur Otan Павлодар облысын жұмыспен, сумен, тұрғын үймен қамтиды

Білім беру саласын дамыту керек. Павлодар облысында нұротандықтар мұғалімдермен кездесіп, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Бірнеше жүздесу ұйымдастырған саяси ұйым мүшелері «Қазақстан аллюминиі» жұмысшыларына да уақыт бөліп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Сөйтіп экологияны жақсартуға тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жайын да қозғады. Ұстаздармен де кездескен партия жетекшісі өңірде жаңа мектептер салынып, кейбіріне күрделі жөндеу жүргізілетініне уәде берді. Ауыл тұрғындарының сөзін тыңдап, жаңа жұмыс орнын ашу, ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту мәселелерін қозғады.

Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Павлодар облысына алдағы бес жылда, кемінде 45 мың жаңа жұмыс орнын ашып, 100-ден астам ауылдың 45 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз. 1600 шақырым автожолды жөндеуіміз керек. Әлеуметтік жағынан мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер беруге 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды көздеп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.