{metadescription}
Жамбыл Ахметбеков: Халықтың жалақысы төмен  
Жамбыл Ахметбеков: Халықтың жалақысы төмен  

Жамбыл Ахметбеков: Халықтың жалақысы төмен  

Қазақстан халық партиясының сайлауалды штабы үгіт-насихатын жалғастыруда. Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлермен онлайн конференция өткізіп, сайлауалды дайындығын пысықтады.

Партия мүшелері халықтың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау басты мақсаты екенін тағы қайталады. Партия кандидаттары дамудың жаңа моделін, яғни халықтық экономика құруды ұсынып отыр. Бұған қоса несие рақымшылығын жүргізу туралы да мәселені көтеріп жүр. Өйткені пандемияға дейін адал салық төлеген, бірақ шектеу шараларының салдарынан тығырыққа тірелген кәсіпкерлер қолдауға мұқтаж дейді партия өкілдері.

Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан халық партиясының мүшесі:

- Жұмыссыздық әлі де өсуде. Халықтың жалақысы төмен. Егер де өсіріп жатыр дегеннің өзін айтатын болса, 2008 жылғы долларға шаққандағы жалақы мен қазіргі жалақынын жоғары қарай өспегені байқалады. Пандемия, карантин кезінде де соған қарамастан экономика 2, 3 пайызға дейін өсті деген статистика бар. Бірақ ол статистиканы халық әлі де сезінбеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде