{metadescription}
Трамп билікті беруден басқа амалы қалмағанын мойындады  
Трамп билікті беруден басқа амалы қалмағанын мойындады  

Трамп билікті беруден басқа амалы қалмағанын мойындады  

АҚШ Конгресі толқулар мен төтенше жағдайға қарамастан, Джо Байденнің президент сайлауындағы жеңісін ресми түрде бекітті. Билікті беруден басқа амал қалмағанын Дональд Трамп та мойындады. Ақ үйдің қазіргі қожайыны ұлықтау рәсімінен кейін барлығын тып-тыныш тапсырамын деп мәлімдеме жасады.

Трамптың жақтастары кеше сайлау қорытындысымен келіспей, Капитолийге басып кірген болатын. Күш құрылымдарымен қақтығыс кезінде 4 адам өлген. 100-ден аса шеруші жарақат алды. Конгресс ғимаратындағы дүрбелеңнен кейін Трампқа сенаторлар сенімсіздік білдіріп, оған импичмент жариялау жайын ақылдасып жатыр.

Кешегі дүрбелеңнің кесірінен кейінге қалған АҚШ Конгресінің отырысы бүгін жалғасын тапты. Осылайша Сенат және Өкілдер палатасының мүшелері сайлау нәтижесін мақұлдап, демократ Джо Байденді АҚШ-тың 46-шы президенті, Камала Харристі вице-президент деп таныды.

9-қарашада өткен саяси науқанда Байден сайлаушылар алқасының 306 дауысын жинаған болатын.

Майк Пенс, АҚШ вице-президенті:

Біз осы тарихи орынды сақтап қалуға атсалысқан азаматтарға алғыс айтамыз. Астанамызда бейберекетсіздік ұйымдастырғандарға айтарым бар. Сіздер жеңген жоқсыздар.

Конгресмендер Дональд Трамп туралы да сөз қозғады. Үндеуі жаппай тәртіпсіздікке түрткі болған Ақ үй басшысына импичмент жариялауды сенаторлардың көбі қолдап отыр. Олар халықты зорлық-зомбылыққа үгіттейтін адамды саяси сахнадан аластатуымыз керек деген пікір білдірді. Енді Трамп қалған 12 күндік президенттік мерзімін де аяқтай алмау қалуы мүмкін.

Чак Шумер, сенатор:

- Бүгінгі оқиға аяқасты болған жоқ. Президент жалынды сөздер айтып, көпшілікті үгіттеді. Соның нәтижесінде бір топ адам наразалық шарасына шықты. Ол ешқашан зорлыққа қарсы болмаған адам. Сондықтан оның бұл жерде кінәсі бар.

Расымен де Капитолийдегі қақтығысты төрткүл әлем талқыға салды. Алпауыт елдің шенеуніктері алаңдап, сайлау қорытындысын құрметтеуге шақырып жатыр.

Президент Дональд Трамп жақтастарының Капитолий алдындағы наразылық шарасы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, шерушілер Конгресс ғимаратына басып кірген. Полициямен болған қақтығыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды. Алайда күш құрылымдары бейберекетсіздікке қатысқандарды дер кезінде ғимараттан шығарып, қолға түскендерін қамауға алды. Полиция наразыларға қарсы көз жасаурататын газ қолданған.

Осыған дейін Дональд Трамп президент сайлауында заңбұзушылықтар болғанын айтып, қорытындымен түбегейлі келіспейтінін мәлімдеген. Тіпті жақтастарын соңына дейін күресуге үндеді. Ал демократ Джо Байден бірден толқуға қатысты пікірін білдіріп, халықты сабырға шақырды.

Джо Байден, АҚШ сайлаған президент:

Капитолийде болып жатқан тәртіпсіздіктер АҚШ-тың шынайы көрінісі емес. Біз осыншалықты төмен деңгейге түскеніміз бе? Дәл қазір біздің демократиямызға қауіп-қатер төніп тұр. Бұл жай ғана бейберекеттік емес, бұлқылмыс. Қазір бізге бүкіл әлем қарап отыр. Бірақ біз бұл қиындықтан да өтеміз. Біздің келесі төрт жылдағы жұмысымыз да осыған бағытталады.

Қазір Конгресс аумағын ұлттық гвардия қоршап, АҚШ астанасында енгізілген коменданттық сағат тағы 15 күнге ұзартылды. Ал 78 жастағы су жаңа президент Джо Байденнің ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.