{metadescription}
Құлсарыда сушидан уланғандар саны 43-ке жетті   
Құлсарыда сушидан уланғандар саны 43-ке жетті   

Құлсарыда сушидан уланғандар саны 43-ке жетті   

Атырау облысында дәмханадан суши жеп уланғандардың саны 43-ке жетті. Олардың ағзасынан сальмонеллез таяқшалары табылған. Санитарлық жағдайы сын көтермейтін дәмханада аспаздардың өзінен  стафилококк инфекциясы анықталған.

Уланған елге суши дайындаған дәмханада арысын айтпағанда, қол жуатын жер болмаған. Тағам сақтайтын тоғазытқыштары дұрыс жұмыс істемеген. Аспаздарды медициналық тексерістен өтпепті. Сараптама мен тексеріс қорытындысы бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, дәмхана иелерін тергеуге алып жатыр.

Құлсарыда 24-желтоқсаннан бастап іші өтіп, жүрегі айнып, құсып, жалпы әлсіздік белгілерімен жаппай ауруханаға түсе бастаған. Алғашында 29 адам ауруханаға жатқызылса, кейін олардың саны 43-ке жетті. Бүгінге дейін науқастар стационардан шығып, үйінде емделіп жатыр. Барлығының да қаладағы «Три самурая» дәмханасынан тапсырыспен суши алдырып жегені анықталған. 

Айнагүл Сәрсенғалиева, Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Суши тағамының құрамына қосылған еңіз шаяны таяқшасы мен тұздықтардан алынған сынама талдауында сәйкессіздік анықталды. Тағам дайындағанда аспаздардан стофилококк қоздырғышы анықталды. Және алынған сүртінділерден шартты патогенді хлорлар алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.