Nur Otan: Мұқтаждарға 50 мың пәтер, 10 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Nur Otan партиясы өңірлердегі сайлауалды үгіт-насихатын аяқтады. Бір айға таяу уақытта саяси ұйым өкілдері еліміздің барлық 17 аймағын аралаған.
Автор: Салтанат Шырынхан
08.01.2021
Сайлауалды сапарының соңғы күнінде нұротандықтар елорда тұрғындарымен кездесті. Алдағы уақытта әлеуметтік жағынан мұқтаж азаматтарға 50 мың пәтер беріліп, 10 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға уәде берді. 50 жаңа мектеп тұрғызып, 250 көшеге жөндеу жүргізуді көздеп отыр. Партия мүшелері Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» және «Нұрқазған кен байыту комбинатына барды. Жұмысшылармен жүздескен олар түйткілді мәселенің барлығы шешіледі деп отыр.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Жалпы облыста 35 мың адам таза ауыз сумен қамтылады. Бес жыл ішінде партия тарапынан уәде береміз, осы өңірде 150 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, біздің президентіміз, экологиялық кодекске қол қойды. Ауаға тарайтын зиянды элементтерді 13 пайызға төмендетеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!