{metadescription}
Атырау тұрғыны итін көлігіне байлап, көше бойы сүйреткен  
Атырау тұрғыны итін көлігіне байлап, көше бойы сүйреткен  

Атырау тұрғыны итін көлігіне байлап, көше бойы сүйреткен  

Атырауда тағы бір итке жыны бар адам ұсталды. Қала тұрғыны көлігінің артына итті байлап алып көше бойы сүйреткен.   

Жүгуруден қалып, өлі-тірісі белгісіз сүйретіліп бара жатқан итті көргендер көлікті әрең тоқтатқан. Алайда жүргізуші иттің денесін көлігінің жүк салғышына салып ізін суытыпты. Бүгін көліктің мемлекеттің нөмірі арқылы оның қожайыны анықталды. Қазір төрт аяқты мақұлықты азаптаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін де Атырау тұрғыны итін тоңазытқыштың есігіне буындырып басы бәлеге қалған еді. Ал сол қорлық көрген итті америкалық отбасы асырап алып, ит мұхит асып кеткен болатын. Бұл жолғы иттің әңгімесі енді басталды. Бүгін еріктілер үсті-басы тілім-тілім болған итті шалажансар күйінде иесінің үйінен тауып, өз қарауына алған. Мамандар оның  денсаулығына сараптама жүргізеді. Ал итке жыны ұстаған, жасы 60 шамасындағы Атырау тұрғынын полиция тергеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.