{metadescription}
Павлодарда ыстық су толы шұңқырға құлаған зейнеткердің жағдайы ауыр
Павлодарда ыстық су толы шұңқырға құлаған зейнеткердің жағдайы ауыр

Павлодарда ыстық су толы шұңқырға құлаған зейнеткердің жағдайы ауыр

Павлодарда 63 жастағы зейнеткер ыстық су толып тұрған терең шұңқырға құлап өліп қала жаздады. Денесі қатты күйіп қалған қария қазір ауруханада. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп отыр.

Оқыс жағдай қала орталығында болған. Сол жерде жылу құбыры жарылып, жөндеу жүргізіліп жатқан. Зейнеткер сол сәтте қоршаулы аймаққа кіріп терең орға түсіп кеткен. Құлаған кісіні сондағы жұмысшылар дереу құтқарып алыпты. Ал шұңқырдағы судың температурасы 100 гарадус болған. Зейнеткер дер уағында шығарылмағанда, мерт болуы мүмкін еді.  

Эльмира Темірғалиева, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Ауруханаға 1957 жылы туған әйел жеткізілді. Зейнеткердің денесінің 45 пайызы күйіп қалған. Қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.