Жемқорлармен қоса енді пара бергендердің өзі оңбайды
Жемқорлармен қоса енді пара бергендердің өзі оңбайды. Оның үстіне сыбайластық әрекеттің арасында делдал болып жүргендер де сыбағасын алады. Мәселен соңғы екі жылда пара берген азаматтар 600 миллион теңге айыппұл төлеген.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
08.01.2021
Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аса ірі көлемде пара берген адам бұрын 5 жыл бас бостандығынан айырылса, қазір мұндай айлаға барған пысық 7 жылға қамалады. Оның үстіне мерзімінен бұрын босап шығу деген атымен жоқ. Ал ұсақ көлемде пара берген азамат, мысалы, 100 мың теңге ауызбастырық ұсынғаны үшін 2 миллион теңге айыппұл арқалайды. Заңдағы өзгеріс бизнесті барынша қорғауды көздейді.
Былтыр Қазақстандағы кәсіпкерлік субъектілеріне қоқан-лоққы көрсетуге қатысты 713 дерек тіркеліпті. Енді ел ішіндегі кәсіпкерлердің табысына ортақтасатындар да оңбайын деп тұр.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
- Бизнеске тосқауыл болған мемқызметкерлер 5 жылға, ал сот, құқық қорғау саласының қызметкерлері 8 жылға дейін түрмеге отырады. Өйткені кәсіпкерлікке қасақана кедергі келтіргеннің әрекеті мемлекеттік саясатқа қарсы тұрумен пара-пар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!