42500 теңге туралы хабарламаға қатысты түсініктеме
Жұрттың 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алғаны туралы хабарламаға қатысты мамандар түсініктеме берді. Олардың айтуынша, әлеуметтік төлем ешкімге аударылмаған.
Автор: Ербол Тұрымбет
08.01.2021
Бұл мәселе жөнінде жұрт әлеуметтік желіге жазған. Ең төменгі жалақы мөлшеріндегі жәрдемақы алғаны туралы хабарлама ұялы телефонына смс-хабарлама болып келген. Бірақ бұл мамандардың түнде ақпараттық технологияларды жаңарту кезінде жіберген қателігі болып шықты. Солардың немқұрайлығынан елге ескі хабарлама қайта тарап кеткен.
Бұл әлеуметтік жәрдемақы төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған қазақстандықтарға төленген.
Анар Мағзұмова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасының басшысы:
- Бұл жағдай ерекше адам факторына байланысты болып отыр. Мұндай хабарламаны 400 мыңға жуық адам алды. Бұл жағдайға кешірім сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!