Талдықорғанда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам тірідей жанып кетті
Талдықорғанда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, 66 жастағы ер адам тірідей жанып кетті. Белгілі болғандай, пәтерде газ баллоны ашық қалған.
Автор: Аруна Ортай
08.01.2021
Содан улы иіс үйге тарап, артынша алапатқа өртке ұласқан. Өкінішке қарай зейнеткер үйден шығып үлгермеген. Оның өртенген сүйегін құтқарушылар соңынан бір-ақ тапты. Одан бөлек жас келіншек пен 13 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Отбасы көрші пәтерде тұрып жатқан екен. Улы иіске тұншыққан ана мен баланы өрт сөндірушілер терезеден байқап қалып, балконнан құтқарды. Жарылыста тағы бірнеше пәтердің терезесі шағылған. Ол тұрғындар туыстарын жағалап кетті. Ал жарылыс болған пәтер жалға берілген екен. Мамандар көп қабатты үйдің табиғи газға қосылғанын айтады. Алайда аталмыш пәтер ғана 25 литрлік газ баллонын тұтынып жүріпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!