{metadescription}
Анасын өлтірді деген күдікпен 15 жасар бала қамауға алынды – Алматы
Анасын өлтірді деген күдікпен 15 жасар бала қамауға алынды – Алматы

Анасын өлтірді деген күдікпен 15 жасар бала қамауға алынды – Алматы

Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен 15 жасар бала қамауға алынды. Жасөспірім жанжал кезінде анасын пышақтап, көшеге жалаңаяқ шығып кеткен. Жантүршігерлік қылмыс болған үйдің тұрғындары қатты шошып қалған.

Евгений Васильев, көршісі:

Баланы бір-екі рет қана көргем. Қайтыс болған келіншекті жақсы танимын. Өте ақжарқын адам болатын. Біздің подьездің белсендісі еді. Мен ештеңе естіген жоқпын. Таңертең тыныш болды. Полиция келген соң ғана қылмыс жасалғанын білдік. Тұрғындардың бәрі қорқып қалған.  

Қанды қылмыс таңғы сағат бес шамасында көпқабатты үйде болған. Көршілері бұл отбасының бұрын-соңды ұрысқанын естімедік деп отыр. Олардың айтуынша, ауруханаға жетпей жан тапсырған жалғызбасты әйел заңбұзушылыққа қарсы шығып, белсенділігімен жиі көзге түскен. Ал анасына бірнеше жерден пышақ сұққан соң кәмелетке толмаған бала далада жалаңаяқ арлы-берлі жүріпті. Қыстың көзі қырауда қар үстімен аяқ киімсіз жүрген жасөспірімнің оғаш қылығын көрген тұрғындар бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан. Полиция оқиға орнына жетіп, бозбаланың қылмыс жасағаны белгілі болған. Күдікті бірден құрықталып, қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Қазір ҚК-тің 99-бабы, 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу жүргізілуде. Бұл тергеу әрекеттеріне міндетті түрде психолог мамандар қатысуда. Алдын ала болжам бойынша, бұл балада жүйке ауытқуы болуы мүмкін. Бірақ оны нақты сот-психиатриялық сараптама анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде