{metadescription}
Сенат төрағасы мен Мәжіліс төрағасы дауыс берді
Сенат төрағасы мен Мәжіліс төрағасы дауыс берді

Сенат төрағасы мен Мәжіліс төрағасы дауыс берді

Парламент қос палатасының депутаттары да өз таңдауын жасады. Елордада Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де өз сайлау бөлімшесіне келіп дауыс берді.

Таңның атысымен таласа келгендердің қатарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бар. Ұлттық кітапханадағы сайлау учаскесінде де таңнан бері қызу қарбалас.

Мәулен Сағатханұлы жұрт қатарлы кезекке тұрып, осында дауыс берді. Келіп жатқан адам қарасы көп, сондықтан біраз уақыт кезекке тұруға да тура келді. Сенат төрағасы мұнда отбасымен бірге келген. Бірер сәттен соң Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де келу керек. Сол сияқты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да кезекке тұрып, дауыс берді. Министрліктің жаңа жылдағы жұмыс кестесі қауырт. Мәжілістің жетінші шақырылымына қандай заң жобасын апаратынын қазірден-ақ тақтап қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.