{metadescription}
98 жастағы соғыс ардагері сайлау учаскесіне бірінші болып барды – Қарағанды
98 жастағы соғыс ардагері сайлау учаскесіне бірінші болып барды – Қарағанды

98 жастағы соғыс ардагері сайлау учаскесіне бірінші болып барды – Қарағанды

Қарағандыда 98 жастағы соғыс ардагері сайлау учаскесіне бірінші болып барды. Бәйбішесін қолтықтай келген тың жүрісті Бүркіт Есжанов жарқын болашаққа дауыс бердім дейді. 

Майқұдықтағы №169 сайлау бөлімшесіне соғыс ардагері Бүркіт қария таң алакеуімде жаяу келіп алған. Көзі нашар көретіндіктен дауыс беруге бәйбішесі көмектесті. Ардагер ең алғаш сайлауға соғыстың аяқталар тұсында Қиыр Шығыста қатысқанын есіне алады. Айтуынша, сол қиын қыстау кезеңнің өзінде-ақ жұрт сайлауға тайлы-тұяғымен келетін. «Сондықтан бейбіт күнде сайлауға барып, дауыс беру маңызды» - дейді. Қария қазіргі науқаншыл кандидаттардың әрекетіне қарны ашатынын да жасырмады. Бір ғасырға жуық жасаған ардагер осы сайлау елім деген ерлерді іріктесе дейді.

Бүркіт Есжан, соғыс ардагері:

- Бізде депутаттар бір аралап өтеді, бітті. Әрбір депутат өз округінде, кем дегенде үш күн сол елді аралап, елмен сөйлессе, сонда келіп айтсын, сонда ел бәрін ақтарып айтып береді, жетістігін де, кемшілігін де. Айтқаны сөз үстінде қалып қояды, ол ұят болады. Ел содан түңілмесін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.